«Тараз» Бірінші лигада 8-орынды иеленген
«Тараз» футбол клубының президенті Әлімбек Жұмабаев қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми өкілі Нұржан Туғанбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Әлімбек Жұмабаев клубты бір жыл бойы басқарды. Өткен маусымда Әлімбек Жұмабаевтың басшылығымен «Тараз» Бірінші лигада 8-орынды иеленіп, Премьер-лигаға шығу мүмкіндігінен 19 ұпай айырмашылықпен тыс қалды.
2025 жылғы маусымда да клубтың көрсеткіші аса жақсарған жоқ — 5 турдан кейін «Тараз» тағы да 8-орында тұр. Команда 2 жеңіс пен 3 жеңіліске ие.
Бейресми дереккөздердің мәліметінше, клуб президенті қызметіне Қазақстан футбол федерациясында кәсіби клубтармен жұмыс істеу бағытын қадағалаған Мұрат Ағыбаев келуі мүмкін.