«Парижде тозақта жүргендей болдық»: Неймар ПСЖ-дан кеткен себебін айтты

Редактор
11.01.2024, 16:25

Жергілікті жанкүйерлер оны жек көріп кеткен

Reuters

Футболдан бразилиялық шабуылшы әйгілі Неймар Парижде ойнаған сәтін тозаққа теңеп, «Барселонаны» сағынышпен еске алды.

Неймардың Каталониядан кеткеніне алты жылға жуық уақыт өтті. Ол қомақты қаражат үшін ПСЖ командасына ауысқан. Ал қазір Сауд Арабиясында «Әл-Хилал» клубына ауысқан. Бірақ, шабуылшы ауыр жарақатына байланысты біраздан бері жасыл алаңға шыққан жоқ.

«Мен «Барселонаны» әлі сағынам. Парижде өткізген уақытымды саралаймын, біз Месси екеуміз тозақтан өткен екенбіз. Бізге өте қиын болды. Ескі командамызды аңсайтынбыз», - деп еске алды Неймар.

Бразилиялық футболшы Парижде алты жылдай болып, барлығы 173 ойын өткізді. Алайда, оны жергілікті жанкүйерлер сол күйі ұнатпады. Тіпті, соңғы жылдары ПСЖ жанкүйерлері Месси мен Неймарды жек көріп кеткен деп жазады onefootball.com.

Жарты жыл бұрын Неймар Саудияға көшіп келді. Ол «Әл-Хилалда» небәрі бес ойын өткізіп, ауыр жарақат алды. Енді жасыл алаңға сәуір айында ғана оралуы мүмкін.