Ресейдің ешкімге керек болмай қалған қорғаушысы «Қайратқа» ауысуға жақын

Редактор
03.06.2025, 15:15

«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне құрамын күшейтпекші

Metaratings.ru

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Сол үшін құрамын күшейтпекші. Бірақ әзірге командаға келуі мүмкін деген ойыншылардың барлығы – Ресей құрамасының экс-футболшылары.

Бұған дейін 35 жастағы шабуыл Феодор Смолов туралы жазған едік. Бұл жолы қорғаушы, 31 жастағы Георгий Джикия келеді деген ақпарат тарады.

Ол біраз жыл Мәскеудің «Спартак» клубында ойнап, капитан болған. Кейін ол командаға керек болмай қалды. Сосын «Химкиге» ауысқан. Келісімшарты осы жылдың 30 маусымында аяқталады.

Қазір «Қайратта» Ресей чемпионатында ойнаған екі қорғаушы бар: Егор Сорокин және Александ Мартынович. Енді сол қатарға Джикия да қосылуы ықтимал.