Ол қазіргі таңда «Қайсар» сапында жақсы ойнап жүр
Футболдан Қазақстан қлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев Sports.kz порталына берген сұхбатында карьерасын аяқтаған Асхат Тағыбергеннің орнына кім баса алатынын айтты.
«Менің ойымша, Асхат Тағыбергеннің орнын құрамада Айбол Әбікен баса алады. Ол қазіргі таңда «Қайсар» сапында жақсы ойнап жүр, ал оның командасы Қазақстан Премьер-лигасының барлық фавориттеріне қарсы жақсы өнер көрсетуде. Маусым барысында ҚПЛ-да жаңа есімдер де пайда болуы мүмкін», - деді Евтеев.
Еске сала кетейік, жуырда Солтүстік Македонияға қарсы (0:1) өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчынан кейін Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан кеткенін жариялады. Ол Қазақстан құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.