«Рома» Жозе Моуриньюны қызметінен қуып жіберді

Редактор
16.01.2024, 14:11

Оның келісімшарт мерзімі 2024 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс еді

TASS / ANGELO CARCONI

Италияның A Сериясындағы сәтсіздіктерден кейін «Рома» басшылары бас бапкер Жозе Моуриньюны қызметінен босатты. 60 жастағы маманның келісімшарт мерзімі 2024 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс еді.

«Рома» соңғы бес ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. A Сериясының турнир кестесінде 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Айта кету керек, Моуринью 2021/22 маусымда «Ромамен» бірге Конференция лигасын жеңіп алған болатын. 2022/23 жылдары Еуропа лигасының финалына дейін шықты.

Материалда: