Өзбекстан билігі әйгілі «Пахтакор» футбол клубын сататын болды

Редактор
17.01.2024, 20:02

Клубпен бірге оған тиесілі 24,1 гектар жер тедімі де сатылады

İdman.Biz

Өзбекстан футболын жарты әлемге танытқан әйгілі «Пахтакор» клубы сатылымға шығарылды. Бұл туралы елдің Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Өзбекстан президентінің жарлығымен мемлекетің иелігінде болған футбол клубтарының бәрі жекешеленіп жатыр. Осы құжат аясында «Пахтакордың» да 100% акциясы сатылымға шығарылды.

Азия футбол конфедерациясының мәліметінше, футбол клубтарын мемлекеттік ұйымдардың иеленуі бәсекелестікті жояды. Қазіргі таңда Өзбекстандағы футбол клубтары мемлекетке тікелей немесе мемлекеттік қарамағындағы ұйымдарға тиесілі.

Ал, «Пахтакорды» сатып аламын деген азаматқа билік негізінен үш талап қояды:

  • «Пахтакор» ФК және академиясының жұмысын тоқтатпау;
  • Команданы халықаралық деңгейге шығару;
  • Команданың балансында тұрған спорттық нысандарды тек спорттық мақсатта ғана пайдалану.

Ташкенттің «Пахтакоры» 1956 жылдың 8 сәуірінде жергілікті «Спартак» клубының базасында құрылған. Бүгінге дейін ол Өзбекстан чемпионатында 16 рет чемпион, 6 рет күміс жүлдегер және 2 рет қола жүлдегер атанған.

Материалда: