Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлемге әйгілі футболшы 600 мың доллар жымқырды деп айыпталуда

Редактор
23.07.2025, 17:10

Алайда футболшылар уәде етілген ақшасын алмаған.

Фото: Instagram/samueletoo

Бұрынғы танымал футболшы, бүгінде Камерун футбол федерациясының президенті Самуэль Это’О өз ұйымынан 600 мың доллар ұрлады деген күдікке ілінді.

Аңызға айналған камерундық футболшыға қаржы жымқырды және ақшаны заңсыз жолмен айналымға енгізді деген айып тағылып отыр. Бұл қаражат 2023 жылғы 10 маусымда АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен Камерун мен Мексика арасындағы жолдастық матчтан кейін ұлттық құраманың ойыншыларына сыйақы ретінде төленуі тиіс болған. Алайда футболшылар уәде етілген ақшасын алмаған.

Самуэль Это’О 2021 жылдан бері Камерун футбол федерациясын басқарып келеді. Оған қатысты АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросына (FBI) және Әділет министрлігіне ресми шағым түсірілген.

Айта кетейік, «Реал», «Барселона» және «Интер» клубтарында өнер көрсеткен бұрынғы футбол жұлдызы соңғы уақытта даулы жағдайға байланысты жұрт назарына жиі түсіп жүр.
Мәселен, 2024 жылғы қыркүйекте FIFA оған Камерунның ерлер және әйелдер құрамаларының матчтарына қатысуға тыйым салған, бұған оның дөрекілік танытуы себеп болған.
Сондай-ақ 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатында Самуэль Это’О бір жанкүйерге күш қолданғаны үшін сынға ұшыраған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама