Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Аздап тоқырау болып жатыр». Данияр Елеусінов ұлттық құрама туралы айтты

Редактор
02.08.2025, 09:54

Бұл – әр елдің құрамасында болатын мәселе.

Фото: kfb.kz

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі ұлттық құраманың жағдайы туралы айтты.

– Сізден кейін Олимпиада алтынын алған қазақ боксшысы жоқ. Бұл сәтсіздік пе, дайындықтың төмендігі ме, әлде боксшыларымыз жиі айтатындай жай ғана «Алланың қалауы ма»?

–  Иә, екі Олимпиада қатарынан бокстан Олимпиада чемпионы шыққан жоқ. Бұндай тоқырау кезеңі әр мемлекеттің құрамасында болады. Мысалы,  Куба, Ресей тағы басқа елдерде де бір жылдары Олимпиада алтынынсыз қалған жағдай болған. 2008 жылғы Олимпиада ойындарында кубалықтар алтын жүлдеге қол жеткізе алмады. Қазақстанда да дәл сондай жағдай. Себебі 2012, 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама боксшылары мықты болды. Серік Сапиев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Василий Левит және мен «Сен тұр мен атайын» деген мықты боксшылар жиналдық. Осы боксшылардың барлығы жүлде алып келетін. Бұл спортшылардың барлығы 2 олимпиадаға қатысты. Енді осы боксшылар кеткеннен кейін аздап тоқырау болып жатыр. Бұл – әр елдің құрамасында болатын мәселе. Енді жастар жақсы тәжірибе жинап, шыңдалып, жоғарғы деңгейге жеткенге дейін уақыт керек. Сол уақыт 2028 жылға тура келеді деп ойлаймын. 2028 жылы Олимпиада алтынын күтеміз.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама