49 жастағы қазақстандық маман Хан-Тәңірі» футбол клубынан кетті
Алматының «Хан-Тәңірі» футбол клубы 49 жастағы қазақстандық маман Алмас Құлшынбаевтың бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.
«Алмас Жақанұлының жетекшілігімен команда қалыптасудың маңызды кезеңінен өтті. Қиындықтарға қарамастан, ұжым табандылық, ұйымшылдық және даму жолындағы ерік-жігерін көрсете білді. Жас құрамды жасақтап, клубтың өркендеуіне қосқан оның үлесін жоғары бағаламау мүмкін емес», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Клуб басшылығы, ойыншылар мен жанкүйерлер Алмас Құлшынбаевқа атқарған еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, бапкерлік мансабына табыс тіледі.