Чемпиондық атақ клубқа 114,6 миллион доллар табыс әкелген
Лондондық «Челси» ойыншылары клубтық әлем чемпионатындағы жеңіс үшін алған барлық бонустарын қаза тапқан «Ливерпуль» және Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жотаның отбасына аударды.
Чемпиондық атақ клубқа 114,6 миллион доллар табыс әкелген. Соның ішінде турнирге қатысқан футболшыларға 15,5 миллион доллар көлемінде бонус бөлінген. Дәл осы қаржыны ойыншылар бірауыздан марқұмның отбасына жіберу туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, 3 шілде күні Испанияның Самора қаласында Диогу Жота мен оның інісі Андре жол апатынан қаза тапты. Футболшы 28 жаста еді.
«Ливерпуль» футбол клубы жол апатынан қаза тапқан португалиялық шабуылшының отбасына 2027 жылға дейінгі еңбек келісімшартында қарастырылған толық соманы өтейтін болды.