«Ливерпуль» Жотаның отбасына келісімшарттағы қалған қаржыны төлейді

Telegram WhatsApp

Бұған дейін «Ливерпуль» Жота өнер көрсеткен 20-нөмірді мәңгілікке алып тастайтынын айтқан

Getty images
Getty images

Ұлыбританияның әйгілі «Ливерпуль» футбол клубы жол апатынан қаза тапқан португалиялық шабуылшы Диогу Жотаның отбасына 2027 жылға дейінгі еңбек келісімшартында қарастырылған толық соманы өтейтін болды. Бұл туралы Record басылымы хабарлады.

Capology дерегінше, Жотаның жылдық жалақысы салықтарды алып тастағаннан кейін 4 миллион фунт стерлингті құраған (салыққа дейін — 7,28 млн фунт). Осылайша, клубтың отбасыға төлейтін жалпы өтемақысы шамамен 8 миллион фунт стерлинг қаражат болады.

Бұған дейін «Ливерпуль» Жота өнер көрсеткен 20-нөмірді мәңгілікке ойыннан алып тастайтынын мәлімдеген еді. Апатта Диогудың ағасы Андре Силва да көз жұмды.

28 жастағы Диогу Жота 2020 жылдың қыркүйегінде «Вулверхэмптоннан» «Ливерпульге» ауысып келген болатын. Осы уақыт ішінде ол клуб сапында 182 матч өткізіп, 65 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген. Жота «Ливерпульмен» бірге Англия чемпионатын, Англия кубогын және екі мәрте Англия лигасы кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Португалия құрамасымен екі рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›