Тәжікстан Азия кубогінде тағы сенсация жасады

Редактор
29.01.2024, 01:12

Олар плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

AFP

Футболдан Азия кубогіне алғаш рет қатысып отырған Тәжікстан құрамасы өз тобынан плей-офф кезеңіне шығып бір сенсация жасаса, 1/8 финалда БАӘ-ні жеңіп, жанкүйерлерін тағы қуантты.

Катардың Әл-Райан қаласында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Пенальти сериясында тәжік футболшыларының жолы болды, есеп – 5:3.

Ойынның негізгі бөлігінде есепті Тәжікстан ашқан. 30-минутта Зоир Джурабоев көзге түсіп командасын алға сүйресе, 90+5 минутта Біріккен Араб Әмірліктері сапынан Халиф әл-Хамади есепті теңестірді. Мұнан кейін қос құрама пенальти тебісті.

Ширек финалда тәжік футболшылары Ирак – Иордания матчының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін Аустралия құрамасы 1/8 финалда жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан болатын.