«Мақтаарал» Премьер-Лигада ойнамаса, оның орнын «Ақжайық» баса ма?

Редактор
29.01.2024, 11:57

Клуб бюджеті небәрі 250 млн теңге

PFLK

Бірінші лигадан Премьер-Лигаға жолдама алған «Мақтаарал» футбол клубының қаржылық проблемасы бар екені бұған дейін хабарланған болатын. «Серый CARDINAL» телеграм-каналының жазуынша, аталған клуб ҚПЛ-де ойнай алмайды.

«Мақтаарал» Премьер-Лигадан бас тартса оның орнына Оралдың «Ақжайығы» келуі мүмкін. БҚО командасы былтыр Бірінші лигада төртінші орын алған болатын. Бұл мәселе осы апта ішінде шешіледі деп жазды дереккөз.

«Атакенттік клубтың проблеманы шешуге мүмкіндігі бар ма? Серікбай Өтегеновтың тұсында мүмкіндігі болған, ал қазір жоқ деуге болады. Тіпті, «Мақтаарал» ҚПЛ-де қалғанның өзінде чемпионат қорытындысында соңғы орынмен лигадан «ұшып» кетеді», - деп жазылған аталған хабарламада.

Материалда: