Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболшылары Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

Редактор
02.11.2025, 18:29

Алматы командасы 26 қараша күні Данияның «Копенгаген» клубымен ойнайды

KazFootball.kz

Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының футболшылары Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов, Дамир Қасаболат және Дастан Сәтпаев Бельгиямен ойыннан кейін Алматыға қайтады.

Ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 15 қарашада Астанада Бельгиямен өткізеді. Осы матчтан кейін «Қайрат» клубының футболшылары  ұлттық құраманың лагерінен шығып, Алматыға қайтады. Бұл туралы KazFootball.kz сайты жазды.

Футболшылардың клубқа мерзімінен бұрын қосылуына себеп – «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясындағы маңызды кездесуге дайындық. Алматы командасы 26 қараша күні Данияның «Копенгаген» клубымен ойнайды.

Осыған байланысты аталған ойыншылар Қазақстан құрамасының Хорватияда өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуіне қатыспайды.

Реклама
Реклама