Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты

Редактор
15.11.2025, 19:19

Сәтпаев матчтың 9-минутында нәтижелі соққы жасап, Қазақстанды алға шығарды.

ҚФф

17 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы голын соқты.

Жас футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасымен ойындв кездесуде көзге түсті. Сәтпаев матчтың 9-минутында нәтижелі соққы жасап, Қазақстанды алға шығарды.

Қазақстан құрамасы бұл ойынға келесі құрамда шықты: Анарбеков, Әліп, Қайыров, Қасым, Кенжебек, Чесноков, Самородов, Вороговский, Тапалов, Сәтпаев, Оразов.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Бельгия құрамасы J тобында көш бастап тұрған. Алты матчта олар 14 ұпай жинаған. Ал Қазақстан жеті ойын өткізіп, 7 ұпаймен турнир кестесінде төртінші, яғни соңғыдан бір орын жоғары тұрған. Команданы Талғат Байсуфинов баптайды.
 

Реклама
Реклама

Материалда: