Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан хоккейшілері екінші матчта жеңіске жетті

Редактор
30.08.2024, 21:03

Соңғы шешуші матч Словения құрамасына қарсы өтеді

olympic.kz

Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. 

D тобындағы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші матчты Аустриямен өткізді. Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарған. Ал 43-минутта аустриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді. Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1.

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті. 

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші матчта Словакиямен өзара кім мықтыны анықтайды.