Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға берілетін жалғыз жолдамадан қағылды

Редактор
01.09.2024, 23:36

Италияға лицензияны Словакия жеңіп алды

olympic.kz

Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы шешуші матчта айдын иелеріне есе жіберді. Осылайша, біздің хоккейшілер 2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін қысқы ойындарға бару мүмкіндігінен айрылды.

Екі команда да алғашқы екі матчта жеңіске жетіп, лицензия тағдырын соңғы ойынға қалдырған болатын. Нәтижесінде словактар Қазақстан құрамасын 3:1 есебімен жеңіп кетті.

Бірінші кезеңде Словакия хоккейшілері жауапсыз екі шайба соқса, екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді. Тек үшінші кезеңде ғана Никита Михайлис қарымта гол соғып, жанкүйерлерге аз болса да үміт сыйлаған. Бірақ, Олег Болякин шәкірттерінің бұдан басқаға шамасы жеткен жоқ.

Айта кетейік, тәуелсіз қазақстан тарихында біздің хоккей құрама қысқы Олимпиада ойындарына небәрі екі рет қатысқан.