Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыс» қытайлық командадан жеңіліп қалды

20.12.2024, 01:48

Бас бапкер клубтың шабуылшыларын кінәлап отыр

Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасына есе жіберді.

Қарсылас команда жауапсыз екі шайба соғып, басым түсті. Ойынға келсек, қытайлық клубтан Мартен Лефевр 10-минутта есеп ашқан. Ал Паркер Фу 28-минутта матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, «Барыс» соңғы тоғыз кездесудің небәрі біреуінде ғана жеңіске жетті. Қалған сегіз ойында ұтылды. Бұған дейін Ғалым Мәмбетәлиев күтпеген жерден Мәскеудің «Динамо» клубынан басым түсіп, кішігірім сенсация жасаған болатын. Бірақ бұл жетістігін бүгінгі ойында қайталай алмады.

Бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиев бұл жеңіліске гол соқпаған шабуылшыларын кінәлап отыр. Енді астаналық ұжым  21 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Материалда: