«Барыс» қатарынан бесінші рет жеңілді

Редактор
29.01.2024, 01:25

Келесі матч 31 қаңтарда «Авангардқа» қарсы өтеді

Барыс ХК

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың кезекті туры аясында өз айдынында Қазанның «Ақ Барсын» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынға дейін «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы 12-орында тұрған. Ал, Татарстан командасы жетінші сатыда еді.

Кездесудің бірінші кезеңінде «Ақ Барс» астаналықтар қақпасына екі шайба соқса, «Барыс» бір голмен жауап қайтарды. Ал, екінші кезеңде жанкүйерлер мүлдем соғылған гол көрген жоқ. Үшінші кезең қарсыластар шабуылды үдеткенімен, тек қонақтар жеңісті голын соғып, қорытынды нәтижені шығарды.

Айта кету керек, бұл – «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі. Олег Болякин шәкірттері жарысты ең соңғы орынмен аяқтауға жақын.

Материалда: