«Барыстың» жеңілістер сериясы жалғасты

Редактор
01.02.2024, 00:30

Келесі ойынын астаналық клуб 4 ақпанда өз айдынында «Амурмен» ойнайды

Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-де қатарынан алтыншы рет жеңілді. Бұл жолы астаналық команда Омбының «Авангардына» 1:3 есебімен есе жіберді деп хабарлайды 1bol.kz.

Олег Болякин шәкірттері матчты тәуір бастаған, тіпті бірінші болып есеп ашты. Ойынның 17-минутында Аркадий Шестаков дәл соққысымен көзге түскен.

Алайда, омбылық хоккейшілер екінші кезеңде жауапсыз екі шайба соғып, «Авангардты» есепте алға шығарды. Үшінші кезеңде «Барыс» толассыз шабуыл ұйымдастырғанымен, матч аяқталар тұста өз қақпасына үшінші голды жіберіп алды.

Бұл – «Барыстың» қатарынан алтыншы жеңілісі. ҚХЛ аясында астаналық команда бұған дейін ЦСКА, «Автомобилист», СКА, «Лада» және «Ақ Барс» клубтарынан ұтылып қалды.

Осылайша, 57 ойыннан небәрі 44 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс дивизионында турнир кестесінің ең соңғы орнында келеді.

Материалда: