Жарнама
Жарнама

«Аяғыма операция жасаттым»: Чимаев октагонға қашан оралатынын айтты

Редактор
Бүгін, 13:17

Одан кейін Рамазаннан соң дайындықты қайта бастаймыз

Фото: UFC.com

Орта салмақта 31 жастағы UFC чемпионы Хамзат Чимаев (15-0) өзінің алдағы жоспарларын бөлісті.

Спортшы Hustle Vlog арнасына берген сұхбатында аяғына операция жасатқанын айтты.

«Октагонға Рамазаннан кейін ораламын. Қазір аяғыма операция жасаттым. Күрделі емес, бірақ екі аптадай жаттығуды тоқтатуға тура келеді, жарақатты емдеп аламын. Одан кейін Рамазаннан соң дайындықты қайта бастаймыз. Кімді берсе, сонымен шығамын», – деді Чимаев.

2026 жылы Рамазан 16 ақпан мен 16 наурыз аралығында өтеді. Хамзат биыл тамызда Дрикус Дю Плессиді жеңіп, орта салмақта абсолютті чемпион атанған еді.

Қазіргі таңда орта салмақтағы ТОП-5 қатарына Дю Плессимен бірге Нассурдин Имавов, Шон Стрикланд, Энтони Эрнандес және Брендан Аллен кіреді.

Реклама
Реклама

Материалда: