Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитов ауруханаға түсті

Редактор
Бүгін, 19:02

Қазіргі таңда файтердің жағдайы туралы қосымша ақпарат күтілуде.

©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Файтер сторис бөлімінде ауруханадан түсірілген суретін жариялап, қысқа ғана жазба қалдырған.

«Менімен үнемі бірдеңе болып жатады...» – деп жазды ол.

Бұл жазба жанкүйерлер арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда спортшының нақты қандай себеппен ауруханаға түскені әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.

«Найманның» жағдайы көпшілікті алаңдатты

Қуат Хамитов спорт әлемінде «Найман» лақап атымен кеңінен танымал. Ол әлеуметтік желідегі белсенділігімен, ашық мәлімдемелерімен және жанкүйерлермен тікелей байланыс орнатуымен жиі назарға ілігіп жүреді.

Сондықтан оның ауруханадан жариялаған суреті көпшіліктің назарын бірден аударды.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 15 ақпанында өткізген. Ол GFC 36 x GBC 4 турнирінде (Батуми, Грузия) бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Жекпе-жек бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өткен.

Қазіргі таңда файтердің жағдайы туралы қосымша ақпарат күтілуде.

Реклама
Реклама

Материалда: