Жарнама
Жарнама

UFC-дің үздік файтері Шавкат Рахмоновқа көз тікті

Редактор
Бүгін, 12:22

Майкл Моралес қазақстандықпен жекпе-жек өткізуге ниетті

Коллаж 1bol.kz

Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас табылды. Эквадорлық UFC файтері Майкл Моралес әлеуметтік желідегі әрекетімен қазақстандықпен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін аңғартты.

Моралес Instagram-да Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрри арасындағы жекпе-жектен үзінді жариялап, кадрда қазақстандық спортшының есімін әдейі жақындатып көрсетті. Артынша камераны өзіне бұрған видеосы жанкүйерлер арасында ықтимал айқас туралы қызу талқылау туғызды.

Қазір эквадорлық спортшы UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұр. Ол кәсіпқой мансабындағы 19 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, 14 қарсыласын нокаутқа түсірген. Соңғы кездесуінде Шон Брэдиді бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондыққа басты үміткерлердің біріне айналды.

Ал Шавкат Рахмонов та 19 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. «Номад» соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтқан болатын. Қазір қазақстандық файтер тізесіне жасалған операциядан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр. Оның UFC-дегі нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Реклама
Реклама

Материалда: