Жарнама
Жарнама

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Редактор
Бүгін, 13:32

Шавкаттың бапкері маңызды мәлімдеме жасады

UFC

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың (19-0) октагонға қашан оралуы мүмкін екені белгілі болды.

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базровтың айтуынша, әзірге эквадорлық Майкл Моралеспен жекпе-жек өткізу бойынша ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ.

– Қазір ешқандай келіссөз жоқ. Ең ерте дегенде жаңа жылдан кейін, ақпан айында оралуымыз мүмкін. Жекпе-жекке дайындық кемінде үш ай уақыт алады. Оған дейін аяқты толық емдеп алу қажет. Мүмкін, бір жарым айдан кейін ғана толыққанды күресе алатын жағдайға жетеміз. Содан кейін ғана жаттығу жиындарын жоспарлауға болады, – деді Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақатының қайта асқынуынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Реклама
Реклама