Жарнама
Жарнама

Дияр Нұрғожай бразилиялық Лопесті бірінші раундта нокаутқа жіберді

Редактор
Бүгін, 09:46

Қазақстандық файтер UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді

UFC Eurasia

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC турнирінде бразилиялық Бруно Лопесті нокаутпен жеңіп, ұйымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Apex аренасында ұйымдастырылды. Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раундтың соңғы секундында аяқталды. Нұрғожай қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл – қазақстандық спортшының UFC-дегі екінші жеңісі.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша UFC Дияр Нұрғожайға 25 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төледі. Қазақстандық файтер турнирдің негізгі бонусына ие болған жоқ.

Ал UFC Fight Night 284 турнирінде «Үздік жекпе-жек» бонусын Диего Феррейра мен Билли Куарантилло алды. Олар 100 мың доллардан иеленді. «Үздік өнер көрсеткені үшін» берілетін сыйақыға Куиллан Салкиллд пен Тай Миллер лайық деп танылып, олардың әрқайсысына 100 мың доллардан табысталды.

Реклама
Реклама

Материалда: