«Есімдерін ұмытып қалдым»: Асу Алмабаев кімдермен төбелескісі келетінін айтты

Редактор
21.03.2024, 12:06

Ол соңғы рет 9 мамырда октагонға шыққан бдолатын

Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев «Вестник MMA» YouTube-каналына сұхбат беріп, келесі қарсыластары жайлы айтты.

Айта кетейік, жерлесіміз UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

«Маған ТОП-10 немесе ТОП-15 рейтингтегі файтерлер қызық, солармен октагонға шыққым келеді. Қайсысы ұсыныс айтса да ойланбай келісем. Қазір ТОП-15 тізімінде қытайлық файтер бар. Сосын Швециядан біреуі бар. Шын айтсам, есімдерін ұмытып қалдым. Оларды жекпе-жекке шақыру үшін түрлі постерлер жасаймын», - деді Алмабаев.

Еске салайық, Асу соңғы жекпе-жегін 9 наурызда АҚШ-та жергілікті файтер Си Джей Вергараға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Материалда: