Жекпе-жек Екатеринбург қаласында өтеді
Қазақстандық MMA шебері Қуат «Найман» Хамитов 11 мамырда Ресейде жергілікті файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізеді. Осыған орай олар бетпе-бет кездесіп, журналистер сұрағына жауап берді.
40 жастағы Шлеменко аралас жекпе-жекпен кәсіби түрде 20 жылдан бері айналысып келеді. Ол Belattor гран-приін екі рет жеңіп алған. M-1 Global, League S-70, Fight Nights секілді танымал промоушндармен жұмыс істескен. Барлығы 80 жекпе-жек өткізіп, оның 63-де жеңіске жетті (33 нокаут).
Ал, 36 жастағы Қуат Хамитов болса 27 жекпе-жек өткізіп, оның 19-да жеңіске жеткен. Жеті рет жеңіліп, бір рет тең түскен.
MMA кеші 11 мамырда Екатеринбург қаласында өтеді. Қазақстандық файтер бұл жекпе-жекке Тайландта дайындалды.