Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Редактор
10.05.2024, 10:23

Ресейлік файтер 40 жаста

Metaratings.ru.

11 мамырда Екатеринбург (Ресей) қаласында өтетін RCC 19 турнирінің басты оқиғасы – Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко арасындағы жекпе-жек болмақ. Қос файтер бүгін салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті деп жазады Metaratings.ru.

40 жастағы Шлеменко 84,15 кг болған. Ал, оның қарсыласы – қазақстандық Қуат «Найман» Хамитовтың салмағы 83,9 келіні көрсетті.

Жас келсе де Шлеменко әлі бабында. Ол былтыр желтоқсанда RCC 17 турнирінде аттасы Александр Иличпен октагонға шығып, оны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. Бүгінде оның еншісінде 63 жеңіс, 15 жеңіліс және бір тең жекпе-жек бар.

Ал, қазақ файтері болса соңғы рет октагонға 2023 жылдың мамырында, яғни тура бір жыл бұрын шыққан. Ол кезде Хамитов Залимхан Юсуповты төрешілер шешімімен жеңді. Оның 24 жеңісі, 8 жеңілісі және бір тең ойыны бар.