Шавкат Рахмонов әлемдегі ең үздік 20 файтердің қатарына кірді

Редактор
11.05.2024, 11:08

Рейтингті ресейлік Ислам Махачев бастап тұр

Tengri Sport

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) кірді деп жазады Nur.kz Mmafighting.com cайтына сілтеме жасап.

Аталған рейтингте Рахмонов 20-орынға жайғасқан. Бұл тізімге қазақстандық аралас жекпе-жек шебері алғаш рет қосылып отыр. 

Рейтингте Ислам Махачев көш бастап тұрса, Алекс Перейра екінші, Леон Эдвардс үшінші орынға табан тіреген.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген еді. Шавкаттың MMA-дағы рекорды – 18-0. 

Айта кетейік, DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.