Хабиб Нурмагомедов салық органдарына 306 млн рубль қарыз болып қалған

Редактор
11.05.2024, 15:05

Оның не себепті салықтан жалтарғаны белгісіз

Global Look Press

Аралас жекпе-жектен UFC промоушенінің экс-чемпионы, ресейлік даңқты файтер Хабиб Нурмагомедов салық органдарына 306 миллион рубль қарыз болып қалған деп жазады Mash басылымы.

Осыған байланысты Федералды салық қызметі оның есепшоттарын және оның атынан ашылған қайырымдылық қоры мен Eagle FC клубының шотын бұғаттап тастады.

Үлкен спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Хабиб кәсіппен айналысуға бет бұрған. Атап айтқанда, ол спорттық тағамдар сатумен және Eagle FC промоушеніне демеуші болумен айналысты. Mash ақпаратынша, қазір ол «Сильди», «Первый мобильный» фирмаларының құрылтайшылар тобынан шығып, оларды өз туыстарының атына жаздырған.

Салық органдары жүргізген тексерістен кейін Хабибтің атына жазылған «Хикмет Тревел» компаниясы да жабылып қалды. Діл осындай санкция Eagle FC клубына да салынуы мүмкін.