«Мұның бәрі фэйк»: Хабибтің ағасы салыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Редактор
11.05.2024, 16:38

Спортшының өзі әлі мәлімдеме жасаған жоқ

Global Look Press

Даңқты файтер Хабиб Нурмагомедовтың немере ағасы Магомед Нурмагомедов бүгін БАҚ-та тараған салық қарызы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Еске салсақ, бұған дейін Mash телеграм-каналында Хабиб Нурмагомедовтың Федералды салық қызметіне 306 млн рубль қарыз болғаны туралы ақпарат шыққан болатын. Соның салдарынан, оның есепшоты, оның атындағы компаниялардың да шоты бұғатталған-мыс.

«Мұның бәрі жалған ақпарат, бұл – фэйк», - деді Магомед Нурмагомедов «Матч-ТВ» тілшісіне берген жауабында.

Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 29 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Ол UFC лигасында әлем чемпионы болып, бұл титулын үш рет қорғады.