Астаналық кәсіпкер қыз файтер Әліби Ыдырысқа пәтер сыйлады

Редактор
26.07.2024, 16:04

Әліби Ыдырыс соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Сантоса де Азеведоны нокаутпен жеңген 

әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырысқа Астанадан пәтер пәтер сыйлаған. Мөлдір есімді кәсіпкер қыз аралас жекпе-жек өнеріне қызығатынын айтып, файтердің еңбегін бағалаған.

"Мен белбеуімді қайырымдылыққа берген кезде Мөлдір деген қызбен таныстым. Ол белбеуді 22 миллион теңгеге сатып алды. Кейін екеуіміз әлеуметтік желі арқылы сөйлестік. Ол аралас жекпе-жекті қолдайтынын айтты. Мөлдір Мұхаммед Эминовпен болған жекпе-жекті көріп, Нұрбек Қабдрахмановқа пәтер сыйлады. Мен қатты қуандым, өйткені бауырым бұған әбден лайық. Мөлдір ММА үлкен еңбекті қажет ететін спорт екенін және біз мұндай жекпе-жектер үшін тиын тебен алатынымызды түсінді. Кейін ол маған да Астанадан пәтер сыйлады. Ол үй қазір салынып жатыр. Мен онда тұрып жатқан жоқпын, тіпті, кілтін де алмадым. Мен отбасыммен Ақтөбеде тұрамын”, – дейді Әліби Ыдырыс Tengrisport.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс – «Еркін күш» клубының жауынгері, NAIZA лигасының чемпионы.