Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бұрын ұтылып көрмеген қазақ файтері шетелге барып оңбай жеңілді

Редактор
28.07.2024, 01:52

Ол бұған дейінгі 5 жекпе-жегінің бәрін Alash Pride лигасында өткізген еді

instagram.com/nurkhan_zhumagazy/

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Нұрхан Жұмағазы (5-0) Абу-Дабиде өткен UAE Warriors 51 турнирінде өнер көрсетіп, украиналық спортшыдан жеңіліп қалды.

Отандасымыздың қарсыласы Владислав Руднев те бұрын жеңіліп көрмеген. Бұған дейінгі тоғыз кездесудің бәрінде ол жеңіске жеткен. Бұл жолы да қазақ файтерін мерзімінен бұрын ұтып, рекордын 10-0 етті.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Руднев Жұмағазыны жерге құлатып, қылқындыру әдісін жасаған. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Нұрхан Жұмағазы бұған дейінгі 5 жекпе-жегінің бәрін Alash Pride лигасында өткізіп, жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама