Жәнібек Әлімханұлы Шавкат Рахмоновқа арнап жазба жариялады

Редактор
14.10.2024, 17:50

Шавкат 7 желтоқсанда Лас-Вегаста айқас өткізеді

instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жартылай салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа UFC-дегі титулды жекпе-жегі алдында қолдау көрсетті.

Шавкат 7 желтоқсанда Лас-Вегас қаласында белбеудің қазіргі иесі Белал Мухаммадпен айқас өткізеді.

«Шавкат бауырымызға тек қана сәттілік тілейміз. Чемпиондық титулды алып, ел абыройын асқақтата берсін», — делінген Жәнібектің командасының Іnstagram-дағы парақшасында.

Жақында ғана Жәнібек Әлімханұлының өзі де жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қорғады.