Ирландиялық жауынгер қазақстандықтың қаншалықты мықты екенін айтты
Жартылай орта салмақтағы ирландиялық жауынгер Иан Гэрри келесі қарсыласы – қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді.
Рахмонов пен Гэрри Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің жекпе-жегінде чемпиондық атаққа басты үміткерді өзара анықтайды.
«Шынын айтсам, мен Шавкатпен жекпе-жек өткізуді талап еттім. Жеңілістің дәмін татпағандар күш сынассын деп тырыстым. Біз Шавкат екеуміз бірге жаттықтық және бір-біріміздің қаншалықты мықты екенімізді білеміз. Екеуміз де бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Мүмкін, ол маған қарағанда аз құрмет көрсететін шығар, бірақ бұл қалыпты жағдай. Біздің мансабымыздың осы кезеңінде солай болуы тиіс», – деді Гэрри.
Айта кетейік, 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің ресми постері жарияланды.