«Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 00:20

Ол қылқындыру әдісіне түсіп қалды

oktagon

Қазақстандық танымал блогер әрі аса жеңіл салмақта өнер көрсететін ММА шебері Ақтөре Батырбек (7-1) OCTAGON 66 турнирінде Қырғызстан файтерінен оңбай жеңілді. 

Турнирдің басты кардында өнер көрсеткен Ақтөре Батырбек қырғыз файтері Ырысбек Тіленнен (4-1) ұтылды. Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Қарсыласынан оңбай таяқ жеген отандасымыз қылқындыру әдісіне түсіп қалып, төрешіден төбелесті тоқтатуды сұрады.

Ақтөре Батырбектің октагонға шықпағанына бір жылдай болған. Былтыр желтоқсанда ол өзге қырғыз файтері Султанбек Орозмамат уулун (9-15) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ал, осы кештің басты айқасы жартылай орта салмақта қазақстандық Георгий Кичигин (30-10) мен ресейлік Хамзат Чапанов (14-3) арасында өтіп, Кичигин өз атағын қорғап қалды.

Айта кетейік, Ақтөре Батырбек «Қалаулым» ток-шоуына қатысып, елге танымал болған.