Бұған дейін Қазақстан атынан павлодарлық Мария Агапова UFC-де бақ сынап көрген болатын
Аралас жекпе-жекте қыздар арасыеда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Аян Тұрсынның (7-0) менеджері Нұраддин Садықов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында OCTAGON чемпионын UFC сапына қосқысы келетінін айтты.
«Әлемнің ең үздік лигасы – UFC-ге жорықты қайта жандандырамыз. Ендігі жорықтың жолы басқаша болады. Бұйыртса, қоян-қолтық, жақын арадағы ұрысқа өтеміз. Артиллериямен атқылаудың эффектісі аз екенін байқадық. Егер сол стратегиямыз дұрыс болса, бірқатар спортшымызды кіргізуге тырысамыз. Аян Тұрсыннан бастап, жас проспектілер қостаған үлкен тізім тұр қолда», - деп жазды Садықов.
Айта кетейік, 2024 жылы Нұраддин Садықов бастаған команда қазақстандық екі файтерді – Азат Мақсұм мен Бекзат Алмаханды UFC-ге қосқан болатын.