Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық атышулы файтер Аян Тұрсын қырғыз қызынан жеңіліп қалды

20.04.2025, 09:52

Қазақ қызы жақын уақытта UFC лигасына ауысуы мүмкін

скрин Instagram

Алматы қаласындағы OCTAGON 71 турнирі аяқталды. Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (7-0) турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Ол әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездескен. 

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған. Көрермен қауым барлық раундты тамашалады. Кездесу тағдыры ұпай санымен шешілді. Бұл жекпе-жекте төрешілер қырғыз қызы жеңіске жетті деген шешімге келді.

Осылайша, Фарида Абдуева кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне жетіп, Octagon лигасының жаңа чемпионы атанды. Ал Аян Тұрсын алғаш рет жеңіліс тапты. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Тұрсын – Қазақстаннан UFC-ге өтетін басты үміткерлердің бірі.

Жарнама
Жарнама