DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Асу Алмабаевтың кезекті қарсыласы Хосе Очоа туралы пікір білдірді. Ол бастапқыда жоспарланған Рамазан Темировтың орнына шығуға келіскен спортшы.
«Қарсылас туралы интернетте бар ақпараттың бәрін қарап, қолымыздан келгенше зерттедік. Мәлімет көп емес. Ол соққысы мығым, мықты панчер. Төзімді, жігерлі файтер. Бірақ күресі аса жоғары деңгейде емес. Рамазан Темиров жекпе-жектен бас тартқан кезде бізге бірғана нұсқа ұсынылды және ол Хосе Очоа болды. Бізге таңдау еркі де берілген жоқ. Не ұсынылды, соған бірден келістік», - деді Базров.
Еске сала кетейік, Асу Алмабаев 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Хосе Очоамен кездеседі. Бұрын бұл турнир аясында ол Рамазан Темировпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған, алайда Темиров жекпе-жекке екі апта қалғанда қатысудан бас тартты.