Тіпті қомақты қаражат та қызықтырмаған.
UFC аңызы, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов енді спортқа қайта оралмайды. Бұл туралы америкалық жұлдыз, бұрынғы чемпион Даниэль Кормье айтты.
Оның сөзінше, Хабибті тіпті қомақты қаражат та қызықтырмаған.
Еске сала кетсек, Хабиб 2020 жылы мансабын аяқтап, UFC жеңіл салмағындағы чемпиондық белбеуін босатқан болатын.
«Хабибтің спортқа қайта оралуы мүмкін бе? Ол маған бірде 40 миллион долларлық ұсыныс алғанын айтты. Бірақ соған қарамастан «жоқ» деп жауап берді. Егер осындай сомаға келіспесе, демек ол ешқашан қайтып келмейді деген сөз», – деді Кормье Шеннон Шарпқа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Нурмагомедов 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бұл ерекше жетістік оның есімін UFC тарихындағы ең ұлы файтерлердің қатарына қосты.