XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді
Қазақстан ұлттық құрамасы әзірге Париж Олимпиадасының 19 лицензиясын спорттың 8 түрінен еншілеген. Оның ішінде садақ ату – 4, велошоссе – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастикадан – 1 жолдама бар.
Олимпия ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир бар.
XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.