Ол Қазақстан біріншілігінің финалында жеңілді
Еркін күрестен Қазақстан біріншілігінің финалында сүрінген әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан өзіне қолдау көрсеткен жанкйүерлеріне алғысын айтты.
Айта кетейік, 5 ақпанда Астанада күрес түрлерінен еліміздің чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтаған болатын. 97 келіде финалда Ризабек Айтмұқан мен Әлішер Ерғали күресіп, соңғысы Қазақстан чемпионы атанды.
Ризабек бұған дейін 92 келіде өнер көрсеткен, әлем чемпионатын да осы салмақта жеңіп алды. Ал, Олимпиада ойындарында оның салмағы болмағандықтан, былтыр жыл соңында балуан 97 келіге ауысқан болатын.
Аса тартысты өткен белдесуден кейін Әлішер Ерғали БАҚ-қа сұхбат беріп, Ризабектің соңғы уақытта тек Олимпиада туралы айтып жүргенін, Қазақстан чемпионаты туралы ұмытқанын мәлімдеді.
Ал, 19 жастағы Ризабек Айтмұқанның өзі болса пікірін Instagram-парақшасында білдіріп, жанкүйерлеріне алғысын білдірді.