Жарнама
Жарнама

Қазақстандық дзюдошы Аустриядағы беделді турнирде топ жарды

Редактор
07.03.2026, 23:17

Ол финалда әзербайжандық спортшымен кездесті.

Халықаралық дзюдо федерациясы

Қазақстандық жас дзюдошы Әділет Алмат Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде тамаша өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 21 жастағы қазақстандық финалда әзербайжандық Вузал Галандарзадемен татамиге шықты. Кездесудің басында қарсыласы «юко» ұпайын алып, алға шыққанымен, Әділет шабуылын тоқтатқан жоқ, қайта әдемі әдіс жасап, кейіннен ұстап қалу тәсілі арқылы жеңіске жетті.

Осылайша, Әділет Алмат Линцтегі беделді турнирдің чемпионы атанды.

Турнир барысында ол бірнеше мықты қарсыласын тізе бүктірді:

• 1/32 финал – Киприан Грибинет (Молдова) – жеңіс

• 1/16 финал – Габриэль Фалькао (Бразилия) – жеңіс

• 1/8 финал – Саад Дикаев (Эстония) – жеңіс

• Ширек финал – Омар Ражабли (Әзербайжан) – жеңіс

• Жартылай финал – Василье Гружичич (Сербия) – жеңіс

• Финал – Вузал Галандарзаде (Әзербайжан) – жеңіс

Айта кетейік, Әділет Алмат бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. Ол Berlin Junior European Cup 2024 турнирінің чемпионы және La Nucia European Open 2025жарысының жеңімпазы атанған.

Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте 111-орында тұр және оның еншісінде 352 ұпай бар.

Еске сала кетейік, бұл аламан 6-8 наурыз аралығында өтіп жатыр.

Реклама
Реклама

Материалда: