Жарнама
Жарнама

Ризабек Айтмұхан Кайл Снайдерден жеңіліп, титулдан қағылды

Редактор
19.04.2026, 10:02

Қазақстандық спортшы бастапқыда 6:0 есебімен алға шыққан

әлеуметтік желі

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде өнер көрсетіп, чемпиондық белбеу үшін болған белдесуде жеңіліп қалды.

Айтмұхан америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен күш сынасты. Белдесу барысында қазақстандық спортшы бастапқыда 6:0 есебімен алға шыққанымен, кейін қарсыласына есе жіберіп, 6:12 есебімен жеңілді. Осылайша, Снайдер жартылай ауыр салмақтағы RAF лигасының чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды.

Айта кетейік, Кайл Снайдер - 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Сондай-ақ ол Токио-2020 Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған. Бұған қоса, америкалық балуан төрт мәрте әлем чемпионы атанған (2015, 2017, 2022, 2025).

Ал Ризабек Айтмұхан - 2023 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионатында үш рет күміс жүлде иеленген (2023, 2024, 2025).

Реклама
Реклама