Қазақстан Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді
Бүгін Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде командалық бәсекелер өтіп жатыр.
Жартылай финал жолдамасы үшін таласқа түскен Ұлттық құрама жарыс қожайындары – Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.
Команда сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі, Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Корея – БАӘ жұбының жеңімпазымен кездеседі.