Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға көтерілді

Редактор
19.04.2026, 11:03

Қазіргі таңда рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр

t.me/bibissarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі сәтті өнерінің нәтижесінде ФИДЕ рейтингінде айтарлықтай алға жылжыды.

Кипрдің Пафос қаласында өткен беделді дода қорытындысы бойынша отандасымыз екі сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 7-орынға жайғасты. Оның рейтингі 2527,2 ұпайға жетіп, бірден +11,2 ұпайға артты. Бұл нәтиже Бибісараның әлемдік шахмат элитасындағы орнын нығайта түскенін аңғартады.

Қазіргі таңда рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0).

Үміткерлер турнирінде Асаубаева тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Ол 14 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең аяқтады және тек екі кездесуде ғана жеңіліс тапты. Нәтижесінде 8 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Жарыс жеңімпазы — үндістандық Рамешбабу Вайшали, ол қазақстандық шахматшыдан небәрі 0,5 ұпайға ғана озып кетті.

Реклама
Реклама