Жарнама
Жарнама

5 айдан бері алмаған жалақымды балаларға беремін – Михаил Шайдоров

Редактор
Бүгін, 15:09

Үндеуінің соңында спортшы ерекше бастамасын жариялады

әлеуметтік желі

Қазақстанның әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған сұхбатынан кейін әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлеріне арнайы үндеу жасады.

Үндеуінің соңында спортшы ерекше бастамасын жариялады. Егер маусымға қажетті қаржыландыру толық шешіліп, барлық дайындық жұмыстары қамтамасыз етілсе, бес айдан бері төленбей отырған жалақысының барлығын Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек көрсетуге бағыттайтынын мәлімдеді.

«Бұл менің және маған қолдау білдірген барлық қазақстандықтардың балаларға арналған сыйлығы болсын. Балалар – біздің болашағымыз. Оларды бағалап, қолдауымыз керек», – деп түйіндеді Михаил Шайдоров.

Реклама
Реклама

Материалда: