Жарнама
Жарнама

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында қола жеңіп алды

Редактор
Бүгін, 15:01

Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті

ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді - 318 (143+175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты - 305 (137+168) келі. 

Реклама
Реклама