Жарнама
Жарнама

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Редактор
11.07.2026, 16:27

Нұржан Жұмабай 348 келіні еңсерді

ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.

Реклама
Реклама