Жарнама
Жарнама

Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс алды

Редактор
Бүгін, 11:28

Финалда моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңілді

UWW

Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды.

Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.

Реклама
Реклама